Жарияланды: 1100

Жеке өмірімде сенсация болмайды – Роза Рымбаева

Жеке өмірімде сенсация болмайды – Роза Рымбаева

Қазақтың әлемге әйгілі әншісі Роза Рымбаева биыл күзде 60 жасқа келеді. Ол өзін орта дәулетті, қарапайым адам санайды. Сондықтан аса қажетті адамдарды ғана жалдап отыр екен. Яғни көлік жүргізушісі, әкімшісі, дыбыс режиссері және анда-санда үй жинап кететін көмекшісі бар.

Бұл жайттар әншінің «Время» газетіне берген сұхбатынан мәлім болды. Онда тілшінің «қашан күйеуге шығасыз?» деген мағынадағы сұрағына Роза Рымбаева былай деп жауап берген:

«60 жаста менен сондай сенсация күтесіз бе? Енді сенсация болмайды. Өйткені, өкінішке қарай, лайықты адамды кездестіре алмадым. Ал біреулерді әдейі іздеп, үйге алып келу деген ойымда да болмапты. Тек балаларымды ойладым. Десе де, басқа әйелдер сияқты менің де ер адамға арқа сүйегім келді. Бірақ болмады ғой, амал қанша. Қазір шығармашылықтан қолым босамайды. Үнемі гастрольде жүремін».

Пікір қалдырыңыз

[X]