Желіде видеосы тарап кеткен кісі өлімі оқиғасының басты кейіпкерлері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде видеосы тарап кеткен кісі өлімі оқиғасының басты кейіпкерлері анықталды

Желіде видеосы тарап кеткен кісі өлімі оқиғасының басты кейіпкерлері анықталды

Бұл оқиға Алматы облысындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (ШЫХО) аумағында болған. Онда бір адам екіншісін пышақ сұғып өлтірген еді. 

  • 5 Маусым 2017
  • 7269
Фото - Caravan.kz

Енді олардың кімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Облыстық ІІД өкілдерінің айтуынша, бұл оқиға кеше түстен кейін болған. "Қорғас" ШЫХО аумағында екі саудагердің арасында ерегіс туады. Олар — Көктал ауылының 22 жастағы тұрғыны Диас Кәрібжанов пен Әулиеағаш ауылының 25 жастағы тұрғыны Қуаныш Төлегенов. 

"Осы оқиға салдарынан Төлегенов қаза тапты. Пышақ жарақатын алған ол аудандық ауруханаға таксимен апара жатқан кезде жан тапсырған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға Төлегенов Қ.Б себепкер болған" делініпті полицейлердің ақпарында.  

Қазір кісі өлімі бабы бойынша тергеу басталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.


Бақылау камерасына түсіп қалған кісі өлімі оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде кеше тараған еді. Онда бірнеше жігіттің жұрттың көзінше сөзге келіп қалғаны байқалады. Әсіресе, екеуі қатты кетеді. Бір кезде солардың бірі пышағын ұстап шыға келеді де, екіншісі қан жоса болып жерге құлайды.  

 

Соңғы жаңалықтар