Жер сілкінісі күрд саясаткерінің тікелей эфирдегі сұхбатын үзіп, далаға шығуға мәжбүрледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер сілкінісі күрд саясаткерінің тікелей эфирдегі сұхбатын үзіп, далаға шығуға мәжбүрледі

Жер сілкінісі күрд саясаткерінің тікелей эфирдегі сұхбатын үзіп, далаға шығуға мәжбүрледі

Ирактың Rudaw TV телеарнасының эфирінде журналист Хива Джамал (Hiwa Jamal) және күрт саяси қозғаласының төрағасы Горран Исмаил Намиктің (Ismail Namiq) әңгімелесуі барысында қатты жер сілкінісі болып, тікелей эфирге шығып кетті.

  • 14 Қараша 2017
  • 208
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Mashable басылымы жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Джамал Ирактың солтүстік-шығысындағы Эрбил қаласында, ал Намик осы бөліктегі Сүлеманияда болған.

Жер сілкінуі сезіле бастағанда камера қимылдайды да, күрт саясаткері қобалжып қалады.

«Жер селкініп жатыр. Менің көшеге шыққаным дұрыс болар, кешіріңіздер», — дейді Намик.

Кішкене уақыттан кейін телеарна тікелей эфирді тоқтатады. Өйткені зілзала Эрбил ауданында да сезіле бастайды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Иран мен Ирак шекарасында алапат жер сілкінісі орын алғаны туралы хабарлағанболатынбыз. Сонымен қатар, табиғи апат салдарынан 200-ден астам адам көз жұмғанын жазған едік. Және соңғы бірнеше күннің ішінде тіркелген жер сілкіністері туралы еліміздің бас сейсмологы 
түсініктеме берген
 болатын.

Сондай-ақ, Иран мен Ирак шекарасында болған жер сілкінісінен 300-ден астам адам қаза тапқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар