Жетімді ұрсып тастаған жігіт сонысына өкінетінін айтып, ағынан жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетімді ұрсып тастаған жігіт сонысына өкінетінін айтып, ағынан жарылды

Жетімді ұрсып тастаған жігіт сонысына өкінетінін айтып, ағынан жарылды

Әлеуметтік желіде жан тебірентерлік кезекті жазба жарияланды. Онда жігіт ақша сұраған кішкентай балаға "бұлай істеме" деп ұрсып алып, артынан оның жетім екенін білгеннен кейін өз қылығына өкініп, жүрегі қан жылағанын айтады.

  • 2 Маусым 2017
  • 1327
Фото - Caravan.kz


Мұндай ағынан жарылған жазбаны Фейсбукте Azat Amirtay есімді қолданушы жариялады. Caravan.kz медиа-порталы соны өз оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрді.     

"Жұмыстан қайтып, үйдің алдындағы орындықта көршім екеуміз сөйлесіп отырсақ, сол маңда ойнап жүрген кішкентай екі-үш баланың арасынан біреуі бізге келіп "тиын беріңізші" деді. Дәл сол баланың өткенде де сұраганы есімде. Сол кезде мен жай сөзбен "Бұлай тиын сұраған болмайды. Ұят болады, енді сұрама" деп беріп жіберген едім. Енді тағы да келіп тұр. Бұл жолы ұрысып тастадым. Әрине, мұнысы әдет болып кетпесін, бұлай үйренбесін деген оймен. Содан мен "Қай үйде тұрасың? Әке-шешең бар ма?" дедім. Ол "бар" деді. "Көрдің бе, сенде екеуі де бар. Тек сен сол папаң мен мамаңнан сұра. Жетім, қайыршы емессің ғой дедім. Ол болса "Мамамда тиын жоқ қой. Өмірі жоқ дей береді" деді. "Онда папаңнан сұра" дедім. "Папам жұмыста. Бірақ келмейді ол жұмыстан. Өмірі келмейді жұмыстан. Папам қашан келеді жұмыстан десем, жұмысы ауыр, кейін келеді, сен дәу болғанда келеді дей береді мамам" деді көзі жасаурап жасы 5-6 жас аралығындағы әлгі балақай. Бұл сөздерді бала ызаланып айтты. Әкесін қатты сағынганын эмоциясымен көрсетті. Басқа да балалар сияқты әкесінен ақша алғысы келетінін жеткізді. Мен ауызым жабылып, сілейіп тұрып қалдым. Сонда бұл періштенің әкесі жоқ болды ғой. Мен солай түсіндім. Көршім екеуміз ыңғайсызданып шұғыл ақша ұстатып жібердік. Балақай мәз болып қасындағы балалармен бірге шауып кетті. Мүмкін әке-шешесі ажырасып кеткен, алла сақтасын, әкесі марқұм болған шығар. Ол жағы белгісіз. Тек көршім екеуміз көзімізге жас алып қалдық. Жүрегім қан жылады. Бір түрлі болып қалдым. Жасаған ісіме қатты өкініп қалдым. Кішкентай балаға тиын үшін ақыл айтқаныма өзіме жыным келді. Я, Алла, әрбір сәби өз ата-анасының қасында бақытты ғұмыр кешсінші. Сәби жыламасыншы. Әлгі сәбидің әкесі жер бетінде бар болс,а ұлының жанына тезірек оралсыншы".

Соңғы жаңалықтар