Жарияланды: 17 7832

“Жігіттер” тобындағы Айдар Құдайдан бала тілеп, 4 рет қажылыққа барған

“Жігіттер” тобындағы Айдар Құдайдан бала тілеп, 4 рет қажылыққа барған

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек жеке өмірін құпия ұстайтын әншілердің қатарында. Ол жұбайы мен балаларын жұртқа көрсеткен емес. Десе де, ол алғаш рет ағынан жарылып сұхбат беріп, көптен күткен сәбиінің дүниеге келгенін айтты.

Бұл туралы “Медиаметрикс” радиосына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен өз отбасымды жария ете бермеймін. Баламды да, қызымды да, әйелімді де, жанұямды мүлдем Instagram-ға салмаймын. Өйткені ол менің құпиям, ол менің демалатын орным. Бүгін ғана айтып отырмын.

Аллаға шүкір, көптен күткен сәби. Үйленгеннен кейін 5 жылдан кейін сәбилі болдық, қызды болдық. Есімі – Малика. Қазір 6 айдан асты. Өте бір қуаныш, түсінген адамға Алланың берген нығметі. Қазір жақсы, үйде тісі шығып, ыстығы көтеріліп жатқан жайы бар», – дейді Айдар.

Отбасын құрғаннан кейін Айдардың келіншегі 5 жыл бойы бала көтере алмаған. Осы уақыт аралығында жұбайлар талай дәрігердің табалдырығын тоздырыпты. Ақырында медицинадан үмітін үзіп, қолын бір сілтегенін айтады әнші.

«Бес жыл бойы емделдік. Емделмеген жеріміз қалмады. Адам бара береді екен ғой. Анда бар десе барамыз, мұнда бар десе барамыз. Соңғы жағында емделуден шаршадық. Екпеден, дәріден, урологиялық, гинекологиялық емнен шаршадық. Сонда мен әйеліме: «Қойшы, барынша емделдік, тоқтатайық. Алла өзі қалаған күні берер. Сенен де, менен де ақау жоқ”, – дедім. Сынақ болып тұр, күтейік деп ойладым», – дейді Айдар.

Бұл аралықта әнші Жаратқаннан күндіз-түні ұрпақ беруін тілеумен болған. Тіпті, сол үшін 4 рет Умра қажылығына барып келгенін айтады.

«Төртеуінде де ұрпақ сұрауға бардым. Бес жыл деген аз уақыт емес қой. Өзім де жас емеспін, 33-ке келдім. Бірінші өзім бардым, одан кейін әйелім екеуміз бардық.

Бұл уақыттың өзінде Алладан көп сұрадық. Содан кейін бір кісі бізге демеуші болып Умраға жіберді. Бірақ бір қызық болды. Біз барайын деп жатқан кезде әйелімнің аяғы ауыр болып қалды. Бір апта қалғанда білдік, содан кейін өзім кетіп қалдым. Әйелім бара алмай қалды, бірақ сондай қуанып кеттім. Бара жатқан кезде, Құдай сенің не сұрайтыныңды біледі дейді ғой. Алдын ала біліп, әйелімнің көтергені шығар деп ойлаймын өзім. Құлшылығымыз қабыл болып, қызды болып жатырмыз. Бұл енді отбасылық құпиям», – дейді Айдар Тұрғанбек.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 8 августа

БАСҚА ҚАНША ТІЛ БІЛСЕҢ ДЕ ,ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ!

Қонақ 8 августа

Қызын МАЛИКА қутты болсин АТЫНА ИЕ БОЛСИН кудайым аллам сураганынды береди умит тек алладан ғана АУМИН

Қонақ 8 августа

Айдар мырза шын жүректен куанышыңызға ортакпын қызыңыздың өмір жасы ұзақ болсын бақытты әкетайының ерке қызы болсын

Қонақ 8 августа

Аидар сен ушін өте қуаныштымын.кішкентаиларыңның қызығын көр.бақытты отбасы бол.Қазақтың алтындаи азаматысың сені жаксы көреміз отбасымызбен .

Қонақ 8 августа

Аидар сен ушін өте қуаныштымын.кішкентаиларыңның қызығын көр.бақытты отбасы бол.Қазақтың алтындаи азаматысың сені жаксы көреміз отбасымызбен .

Қонақ 8 августа

Аидар сен ушін өте қуаныштымын.кішкентаиларыңның қызығын көр.бақытты отбасы бол.Қазақтың алтындаи азаматысың сені жаксы көреміз отбасымызбен .

Қонақ 8 августа

Аидар сен ушін өте қуаныштымын.кішкентаиларыңның қызығын көр.бақытты отбасы бол.Қазақтың алтындаи азаматысың сені жаксы көреміз отбасымызбен .

Қонақ 8 августа

Аидар сен ушін өте қуаныштымын.кішкентаиларыңның қызығын көр.бақытты отбасы бол.Қазақтың алтындаи азаматысың сені жаксы көреміз отбасымызбен .

Қонақ 8 августа

Бауы берік болсын!

I 8 августа

Құттықтаймын сіздерді! Күткен адам ғана біледі, балалы болудың қандай бақыт екенін.

Қонақ 9 августа

Айдар малика 1 жасқа келгенде келншегің екішсіне ауыр аяқ болып қуанышың көбейе берсін те алла дан ғой бәрі. алланы умытып кетпеші жаным сенің қуанышыңа ортақпын менің балам саған қарап өсіп келеді 2 сыныпта оқысада өлең айтып шашын кестірмейді гелдеп айдар ағамның шашындай жасаймын деп қояды

Қонақ 9 августа

1 айелинненде 1 кызын бар емеспе?

Қонақ 9 августа

Айдар сол үшін бірінші əйеліңді бір баласымен жылатып тастап кетпеу керек еді,өте жақсы жердің қызын алып еді,сен сияқтыға қор болды енді ол қыздың бағы ашылсын деп тілеймін

Қонақ 9 августа

Алланын кудирети кушти гой Айдариним.Оган озимнинде козим жетти Менде кыз болатын 43жвсымда улды болдым Аллага шукир Алладан тилейтинмин Умит ниет шын пейилмен сураганга береди Бауы берикболсын Артынан тагы ул дарерсин.

Қонақ 9 августа

Улым казир 14ке келди.Асанали Ашимов Каз улттык онер академясында улт аспаптар кафедрасындаКуйши Улымнан улкеен умит кутем.Солай Айдар иним.

Қонақ 10 августа

Біз Қазақ жақсылықпен Қуанышты бөлісетін адамбызғой. Жақсылық жасап Аллаға сенің шүкіршілік айтың деп. Алла ұлық қой. Адасқан жанбыз.

Қонақ 11 августа

Қызың құтты болсын.Алладан сұрасаң береді əрине шын ниетпен.Ешқашан үмітің үзілмесін қызыңның артынан ере берсін.

Сіздің пікіріңіз,

[X]