Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдардың биылғы көлемі қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдардың биылғы көлемі қандай?

Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдардың биылғы көлемі қандай?

2017 жылы төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (АЕК) өсуіне байланысты (1 АЕК – 2 269 теңге) жол-көлік ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де көтерілген.

  • 12 Қаңтар 2017
  • 2386
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Turkystan.kz жазады.

Атап айтқанда:

– Жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғандар – 22 690 теңге, 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарылатқандар – 34 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 070 теңге;

– Өткінші жолақ, бұрылыста, бағдаршамға бағынбай өтіп кеткен жағдайда 22 690 теңге;

– Өткінші жолақта жолаушыларға жол бермеген жүргізушілер – 22 690 теңге;

– Артқа жүру және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тәртіп бұзған жүргізушілер – 15 883 теңге;

– Бұрылыс кезінде жарық белгісін қоспай бұрылғандар – 11 345 теңге;


– Тротуарда және жалғызаяқ жолдарға шығып кеткендер, сонда көлігін қаңтарып қойғандар – 35 035 теңге;

– Жол бойында апатты жағдай туғызған жүргізушілер – 22 690 теңге;

– Темір тұлпарын жүргізуші куәлігінсіз немесе уақытша куәліксіз басқарған жүргізушілер 11 345 теңге айыппұл төлейді.

Соңғы жаңалықтар