Жолаушы тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексеру керек – депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушы тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексеру керек – депутат

Жолаушы тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексеру керек – депутат

Депутат жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не істеу қажеттігін айтты

  • 24 Қаңтар 2018
  • 159
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаттары үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, жолаушы тасымалына бақылауды күшейту бойынша бірқатар ұсыныс жасады,деп хабарлайды Sputnik.

"Біздің сауалымыз еліміздегі жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың қатысуымен жол-көлік апаттары жиі қайталануына байланысты болып отыр. 18 қаңтарда Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды. Тағы бір келеңсіз жағдайды айтар болсақ, Ресейдің Владимир облысында "Санкт-Петербург — Нижний Новогорд" бағытындағы теміржол өткелінде қазақстандық жолаушылар автобусы пойызбен соқтығысып, апат салдарынан 18 адам қаза болып, ондаған адам жарақат алды", — деді бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Ержан Құдайберген.

Сонымен қоса ол Ақмола облысында автотұрақта автобус жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалып, қайтыс болғанын атап өтті. Айтуынша, егер ол сол уақытта автобусты жүргізіп келе жатса, онда үлкен апатқа алып келуі мүмкін еді.

Депутаттың сөзінше, елімізде жыл сайын жантүршігерлік жол апаттары салдарынан мыңдаған азамат зардап шегуде. Мұндай жағдайдың негізгі себебі қылмыстық немқұрайдылық пен жауапсыздық болып отыр. 

"Жолаушы тасымалдаушылар ескі автобустарын жаңалау былай тұрсын, оны жөндеу шығынын да азайтатыны жасырын емес. Осылайша ескі жарамсыз халде жолаушыларды тасымалдап, олардың өмірін қауіп-қатерге тігеді. Осындай автобустар апатқа ұшырағанда жүргізушіні айыпқа тартып, ал транспорттық компаниялар жауапкершіліктен басын алып қашып жатады. Осы жағдайларды ескере отырып, транспорттық компаниялардың жауапкершілігін арттыру қажет деп санаймыз", — деді ол. 


"Алдағы уақытта жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар тасымалдаушыларға республикалық, облыстық деңгейде жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырып, автокөлік құралдарының техникалық жағдайына қатаң талап қою, автобустардың қолдану мерзіміне шектеу жасау, заманауи бақылау құралдарын пайдалануды міндеттеу, жүргізушілердің денсаулығын тексеріп, бақылауды күшейту қажет", — деп түйіндеді сөзін депутат.

Соңғы жаңалықтар