Жұма күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұма күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады

Жұма күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады

18 тамызда еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

  • 18 Тамыз 2017
  • 264
Фото - Caravan.kz

Солтүстік пен шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман бақыланады. Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, түнде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, облыстарында, түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында найзағайлы нөсер жауып, жел күшейеді.


Атырау облысында, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар