Жұма күніне арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, күн күркіреп, тұман түседі. Тек батыс, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 166
Фото - Caravan.kz

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі 15-20 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында  түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.


Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар