Жуырда Жан-Клод Ван Даммның әйгілі трюгін жасаймын – «буынсыз адам» Айдос Тоқтарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жуырда Жан-Клод Ван Даммның әйгілі трюгін жасаймын – «буынсыз адам» Айдос Тоқтарбаев

Жуырда Жан-Клод Ван Даммның әйгілі трюгін жасаймын – «буынсыз адам» Айдос Тоқтарбаев

Елімізде ерекше қабілетті өнер иелері жетіп артылады және олар өздерінің талантымен көпшілікті таң қалдырып келеді.Солардың бірі – «буынсыз адам» атанып кеткен Айдос Тоқтарбаев. Ол Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына екі мәрте енген болатын. Айдос Тоқтарбаев жуырда жаңа трюк жасамақашы.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 1238
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталының тілшісі танымал өнер иесімен сұхбат құрып, мән-жайды біліп көрді.

— Былтыр әйгілі актер Жан-Клод Ван Даммның көлікпен жасаған трюгін қайталаймын деп едің. Оны қашан көреміз?

— Иә, күзде жасау керек болатынмын. Бірақ, оған аздап жарақат алып қалдым. Абайсызда сынған аяғым ашылып кетті. Сонымен аяқ жазылып қалпына келгенше күн суытып кетті. Оны түсіреміз деп отырған телеарналар бар. Күн жылынсын деп күтіп отырмыз. Осы алдағы ақпан айында түсіремін ба деген ой болып жүр. Ван Даммның әйгілі трюгін білесіздер. Яғни, екі жүк көлігі кетіп бара жатқанда ортасына шпагатқа отырамын. .

— Оған әзірлік қалай, біздің жүк көлігінің жүргізушілері дайын ба, ортасында қысылып қалу қаупі болмай ма?

— Ол үшін сақтық шараларын жасаймын. Жүк көліктерінің екі жүргізушісі де рация арқылы менімен байланыста болу керек және мені айнадан көріп отыруы керек. Егер ондай байланыс болмаса әрине қауіпті. Мен қазір жігіттерге экраннан жақсы көрінетіндей үлкен екі Камаз табыңдар деп тапсырма бердім. Әзірге осыны жүзеге асырғым келіп жүр.Одан бөлек жуырда 3 тонналық джипті арқан болып сүйредім. Яғни екі көліктіңі ортасын аяғыммен жалғадым.

— Оған қанша уақыт дайындалдың?

— Жоқ, оған дайындалған жоқпын. Көбіне трюктерді негізі дайындалмай жасаймын. Ойға келсе соны жасауға тырысамын.

— Жалпы жарақат алған кездерің жиі болды ма?

— Кейде болады. Бұрындары қылыш жұтқанда тамағымды кесіп кеткен кездер болды. Өткір қылыш абайламаса тіліп кетеді. Одан бір ай көлемінде емделдім.Онда да жүгінетініміз халық емі ғой. Кейін электр тоғына қосылып тұрған дрелді де жұттым. Бұл да қауіпті іс. Бірақ одан жарақат алған емеспін.

— Ал болашақта тағы қандай қауіпті қыймылдар жасап көру ойда бар?

— Бұйырса үлкендеу бір жүк көлігін сүйреп көрсем ба деп жүрмін. 7-8 тонналық көліктен бастасам деп отырмын. Оған да дайындық қажет.

— Осымен айналысқаныңа бірталай жыл болды. Қанша дегенмен 35 жастасың. Қазір қалай буындар қата бастаған жоқ па?

— Жас келген соң өз дегенін алады ғой. Жасқа қарай буын да қатаяды, жылдамдық та азаяды.Бірақ менде техника бар. Көбіне сонымен алып кетемін.

— Негізі неше жастан бастап айналыстыңыз?

— 3 жастан бастағамын. Ал үлкен сахнаға 11- сыныпты бітіріп, Алматыдағы эстрада және цирк колледжіне түскен жылдан бастадым.

— Өз балаларыңнан буынсыз ешкім жоқ па өнеріңді жалғастыратын?

— Қызымда бар сондай қабілет. Менікі сияқты буынсыз. Сосын інімнің баласы да буынсыз.Соны қазір көп байқап жүрмін.Болашақта оны да үйретсем бе деген ой кетіп жүр.Қазір сол шәкірт дайындасам ба деген ой бар. Маңғыстауда Азамат Нұрғожа деген кішкентай бала бар екен. Сол баланы бұйырса биыл жарыққа шығарсам деп жүрмін. Қазір жасы 10 да. Буынсыз бала, табиғи сияқты. Өзі маған еліктеп түрлі қимылдарды жасап жүрген көрінеді. Өнерде басқа айтарлықтай жаңалық жоқ.

Болашақта сахнаны жалға алып, үлкендеу бір кеш өткізу ойда жоқ па?

Ондай ой бар әрине. Бірақ, барлығы тағы да сол қаражатқа тіреледі. Ондай кеш өткзіу үшін үлкен қаражат керек.Әзірге қай жаққа шақырады сол жақтарға барамын. Концертерге, түрлі шараларда өнер көрсетіп жүрмін. Көбіне өзіміздің ШҚО шақырып тұрады. Түрлі мерекелік шараларда, үлкен концерттерден қалдырмайды. Семей, Өскемен, Қарағанды қалалары жиі шақырады.

Рахмет.

 

 

Posted by Айдос Токтарбаев on Wednesday, December 27, 2017

 

Соңғы жаңалықтар