Қазақстанда әйел болып туғанша, Түркияда мысық болып туған жақсы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әйел болып туғанша, Түркияда мысық болып туған жақсы

Қазақстанда әйел болып туғанша, Түркияда мысық болып туған жақсы

Бұл цитата қазір Қазақстан әйелдерінің күнделікті қолданатын қорғаныш сөзіне айналды.

  • 5 Сәуiр
  • 61
Фото: caravan.kz

Ел болып Бишімбаевтің онлаин өтіп жатқан сотын бақылап, күні бойы сол істі талқылаумен жүргендер көбейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айыпталушының марқұм Салтанат Нүкенованы қаралау, жамандау сынды әдістерін тыңдап, тіпті ашуға ерік бергендер де басым. Шыдамдылық пен сабырлық танытып отырған Салтанаттың ағасына халық қолдау білдіріп, түбі әділ шешім болатынына сенеді. Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаны шетелде де бақылап отыр. Дегенмен, дәл осы шулы оқиғаның арқасында Қазақстанның осал тұсы айқын көрінді. Айтылмаған, жауып қоя салған оқиғалардың ақиқаты шығып жатыр. Тәуелсіз журналистер, заңгерлер, кәсіпкерлер, басқа да қоғам белсенділері әділеттілікті талап етіп қолдау акцияларын жаппай өтзікіп жатыр.

Соның бірі: «Қазақстанда әйел болып туғанша, Түркияда мысық болып туған артық» деген шартты атаумен тараған акция.

Бұл акция қайдан шықты?

Биыл Стамбул қаласында бір ер адам Эрос есімді мысыққа қиянат жасап, оны тепкілеп өлтірген. Бақылау камераларындағы қорқынышты видео интернетте тарап, бүкіл жұрт шулады. Прокурор кінәліні 6 жылға отырғызуды талап етті. Бірақ оған шартты түрде 1,5 жыл берілді.
Стамбул зоотехниктері де наразылық білдірген болатын. Атышулы іс Ердоғанға жетті, шешімді қайта қарауға бұйрық қабылданды. Қайта қарастыру сотына үй жануарларын қорғаушылар тобын кіргізбеген сәтте, олар Эрос атты мысықты өлтірушіге қатаң жаза талап етіп, есікті сындырып кірген.

Қатігез ер адам 2,5 жылға темір торға тоғытылды. Түрік әділеттік соты үшін бұл жануарларға қатыгездік жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сотталған адамдардың арасындағы берілген рекордтық мерзім.

Айта кететін дерек: қылмыскер сотта өзін ақтау мақтасында жануарларды, атап айтқанда мысықтарды қалай жақсы көретінін және оларды ауылдық жерлерде қалай тамақтандыратыны туралы естеліктерін айтып берген. Ал мысықты тепкілеген себебі — ол жүйке ауруына шалдыққандықтан деп түсіндірді.

Психопаттардың сөздері бір-біріне ұқсас, көшірме секілді. Өзінен өзгенің барлығы кінәлі: мысықтар, әйелдер, тозған жүйке-жүйесі, белгілі бір ақаулар, алкоголь. Барлығы. Бірақ олар өздері мүлдем кінәлі емес.

Ал бізде ше? Өткенге жүгірмей, соңғы болған оқиғаларға тоқталсақ.

Шымкентте белгісіз ер адам дүкен алдында тұрған қызды теуіп, жұдырықпен соққы жасаған. Бұл сәт камераға түсіп қалған. Видеодан байқасақ, ол қыз телефонда өзімен-өзі тұрған, дүкеннен шыққан ер адам біраз уақыт тұрып, бейтаныс әйелді соққыға жыққан. Белгілі болғандай, 50 жастағы ер адам мас болған. Жәбірленуші болған оқиғаны әлеуметтік желіде баяндады. 

Шымкент тұрғыны құрбысының туған күніне бармақ болып, «Нұрсат» шағынауданында орналасқан дүкеннен гүл сатып алған. Сыртқа шығып, такси шақырмақ болған. Осы сәтте белгісіз ер адам оның арқасынан тепкен. Алғашында әйел ер адам байқаусызда құлап қалды деп ойлаған. Алайда ол орнынан тұрып, әйелдің бетінен жұдырықпен қатты соққы жасаған. Жан дауысы шыққан әйел жан-жағынан көмек сұрапты. Бірақ ешкім көмекке келмеген. Содан ол полицияға, кейін әкесіне хабарласқан. Одан соң жедел жәрдем шақырған.

Соққы алған әйел арқасын ауыртып, жүре алмай қалған. Бас миы шайқалған. Келген полиция қызметкерлері әйелдің өзін кінәлап, сен оған не айттың деп сұрапты. 

Заңгер Айгүл Орынбектің пікірінше, бұл үнемі полиция қызметкерлері қолданатын әдіс. Ақшасы, білімі бар Нүкеновалардың өздері әділдікке қалай жетіп отырғанын көріп отырсыздар! Ал енді ақшасы жоқ қаншама қыздар осылай аяқтары тайып құлап, немесе өзі асылып өліп қалды деген сценарийімен қылмыстық істер жабылып кетіп жатқанын ойлай беріңіздер! Полицияның кесірінде қаншама маньяк бостандықта жүр. Қаншама зорланған, өлген қыздардың ісін көтеремін деп қудаланып, қысымға ұшырадым. 

Қыз бала тіпті туған анасынан да қорғана алмайды. Оның дәлелі ретінде біздің редакция жазған мақалаға көз жүгіртсек. Бұл оқиға да Шымкентте орын алды. Сол «Нұрсат» шағынауданында. Туған анасы қызын пышақпен қорқытып, ұрып-cоққан. Шырылдаған қызға араша болатын ешкім жоқ. Иә, полиция қызметкерлері көмекке келді делік, олар анасымен түсіндіру жұмыстарын өткізеді де, кетеді. Отбасылық жанжал деп жаба салады. Ал кейін оқиға тағы қайталанбасына кім кепіл? Анасынан қызды кім қорғайды?

Бірнеше күн бойы өтіп жатқан сот отырысында халық Бишімбаев өзі бақытсыз болғанына қарамастан, жақсы отбасы құруға «өте қатты тырысқаны» жайлы ертегіні тыңдады. Мұндай өтірікті тыңдаудың өзі жиіркенішті. Дәрменсіздік сезімі кешеден бері бойда ұялағаны сонша, Түркиядағы мысықтардың қауіпсіздігі Қазақстандағы әйелдердің қауіпсіздігінен бірнеше есе мықтырақ деген ой туындайды.