Соңғы жылдары елімізде қандай ірі терактілер болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы жылдары елімізде қандай ірі терактілер болды?

Соңғы жылдары елімізде қандай ірі терактілер болды?

 

  • 6 Маусым 2016
  • 9153
Фото - Caravan.kz

Өткен жексенбіде Ақтөбеде жүргізілген лаңкестікке қарсы операция кезінде қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімшеге қарулы шабуыл жасаған тағы да 13 қылмыскердің көзі жойылды деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалдыы. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде  екі әскери қаза болып, тоғызы жараланды.Соңғы мәліметтер бойынша жалпы 13 қылмыскер, 3 полиция, 3 әскери және 3 бейбіт тұрғын көз жұмды.

Ал бұған дейін елімізде қандай қанқұйлы лаңкестік оқиғалар болды. Caravan.kz сайтының тілшісі шолу жасап көрді.

2011 жылы маусым айының соңында Ақтөбе облысының Шұбарши мен Кеңқияқ ауылында экстремистер бір өңірді түгел дүрліктірген еді. Алдымен екі полиция қызметкерін өлтірген қарулы топ бірнеше адамды жаралады. Арнайы шара барысында тоғыз адамнан тұратын қылмыскерлер өліспей беріспеуге бел байлап, бір апта бойы тәртіп сақшыларымен атысты. Ақыры олардың көзі жойылып, 6 бірдей ішкі істер қызметкері оққа ұшқан болатын.Билік олардың барлығы «дінді жамылып, мұнай ұрлаумен айналысқан» деп мәлімдеді. Ресми мәліметтер бойынша, топ Сарыкөл, Шұбарши және Кеңқияқ ауылының тұрғындарынан құралған.

2011 жылы 31 қазанда Атыраудың орталығында екі бірдей жарылыс орын алды.
Алдымен Атырау қаласы Құлманов көшесі, 1 үй маңындағы қоқыс жәшігінде белгісіз жарылғыш құрылғы іске қосылды. Жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Әйтседе шамамен бір сағат өткенде  әкімдік алдында  белгісіз ер адам  жарылғыш құрылғымен өзін өзі жарып жіберіп, оқиға орнында қаза тапты. Билік бұл жарылыстардың теракт  деп  мойындап, оған "Халифат сарбаздарының" қатысы барын алға тартты.

Осы оқиғаның соңын ала
2011 жылы 12 қарашада
  Таразда бұрын-соңды болмаған жантүршігерлік оқиға орын алды.  Діни экстремизм бойынша күдік тудырған Мақсат Қариев өзін сыртай  аңдып жүрген ҰҚК-нің екі офицерін өлтіреді.  Кейін қару сататын дүкенге келіп сол жерде күзетшіні мерт қылып,  тағы бір адамды  ауыр жаралайды. Соңына екі полицейді де атып өлтірген. Ақыры ҰҚКД ғимаратына келіп, ғимаратты оқтың астан алады. Тек түскі  сағат 3-тер шамасында жол полициясының жеке батальоны қызметкерлері оны қолға түсірді. Сол кезде жанкешті Мақсат Қариев өз-өзін жарып жіберіп, қасында тұрған полиция капитаны Байтасов та көз жұмған. Жалпы,  оқиға салдарынан 7 адам қаза тапқан.

 

2011 жылы 3 желтоқсанда Алматының маңындағы Боралдай кентінде қарулы қақтығыс болып, одан қылмыстық топтың бес мүшесі мен ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағының екі қызметкері қаза тапқан еді. Бұған дейін қараша айында аталмыш топтың мүшелері екі полицейді атып тастаған болатын.

2012 Тамыздың 13-і күні Іле-Алатау мемлекеттік саябағы аймағында орналасқан бір қорықшының үйінде бес адамның мәйіті табылса, екінші қорықшы үйінің өртеніп кеткені анықталған. Сондай-ақ үйінділердің арасынан алты адамның мәйіті табылған болатын. Тергеушілер «2012 жылдың шілдесінде Тау-самал кентіндегі  жарылыстан саң террористер Іле Алатауы ұлттық бағына барып жасырынған» деген болжамға жасайды.

2012 жылы тамыздың 17-сі күні Бағанашыл кентіндегі қарулы топқа қарсы арнайы операция жүргізілді. Нәтижесінде 13 адам мерт болды.  Билік оққа  ұшқандарды — террористтер деп атады. Әйтседе  қаза тапқан 13 адамның екеуі — бала. Оның бірі — он жасар Ислам. Қаза тапқан баланың анасы — содан бір ай бұрын Тау-самалдағы  жарылыс кезінде, ал әкесі Бағанашыл операциясы кезінде қаза тапқан. Бас прокуратура «Беріліңдер» деген ескертуге құлақ аспаған  террористер арнайы бөлімше қызметкерлеріне оқ жаудырды» деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар