10 елдің альпинистері ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Хан Тәңірі шыңына көтеріледі
10 елдің альпинистері Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап Хан Тәңірі шыңына көтеріледі, деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП. |
«2011 жылдың 28 шілдесінде «20 жыл бір байламда» ұранымен халықаралық Альпиниаданың шеңберінде Қазақстанның ең биік шыңы – Хан Тәңіріне көтерілу болады. Бұл көтерілу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге және халықтың, елдің, ұлттың алдындағы еңбегін мойындау белгісі ретінде елдің тұңғыш президентіне арналады», - делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта.
Көтерілуге Қазақстанның әр облысынан, Астана, Алматы қалаларынан ұлттық диаспоралардың өкілдері қатысады. Сондай-ақ, Англия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Испания, Бельгия, Ресей, Қырғызстан, Нидерланды елдерінің альпинистік ұйымдарынан халықаралық Альпиниадаға қатысу туралы өтініштер түсті.
Альпинистер Хан Тәңірі шыңының солтүстік-батыс жағымен Солтүстік Инелшік мұздығынан көтеріледі.
Шыңға Қазақстанның мемлекеттің туы, Қазақстан халқы ассамблеясының, «Нұр Отан» ХДП-сының белгілері мен Жеңістің нышандық жалауы орнатылады.
Бұл шараны ҚР альпинизм және тауға өрмелеушілер федерациясы ҚР президентінің, үкіметінің, «Нұр Отан» ХДП-сының, Қазақстан халқы ассамблеясының, «ҚР тұңғыш президентінің қоры» қоғамдық ұйымының қолдауымен ұйымдастырды.
Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 7010 метр биіктікте орналасқан. Қырғызстан мен Қытаймен шекарадағы Орталық Тянь-Шань жүйесіне кіреді. Хан Тәңірі шыңы – биіктігі жеті мың метрден асатын таулардың ішінде солтүстікке ең жақын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін