10 елдің альпинистері ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Хан Тәңірі шыңына көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 елдің альпинистері ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Хан Тәңірі шыңына көтеріледі

10 елдің альпинистері ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Хан Тәңірі шыңына көтеріледі

10 елдің альпинистері Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап Хан Тәңірі шыңына көтеріледі, деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП.

  • 25 Шiлде 2011
  • 836
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың 28 шілдесінде «20 жыл бір байламда» ұранымен халықаралық Альпиниаданың шеңберінде Қазақстанның ең биік шыңы – Хан Тәңіріне көтерілу болады. Бұл көтерілу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге және халықтың, елдің, ұлттың алдындағы еңбегін мойындау белгісі ретінде елдің тұңғыш президентіне арналады», — делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта.

Көтерілуге Қазақстанның әр облысынан, Астана, Алматы қалаларынан ұлттық диаспоралардың өкілдері қатысады. Сондай-ақ, Англия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Испания, Бельгия, Ресей, Қырғызстан, Нидерланды елдерінің альпинистік ұйымдарынан халықаралық Альпиниадаға қатысу туралы өтініштер түсті.

Альпинистер Хан Тәңірі шыңының солтүстік-батыс жағымен Солтүстік Инелшік мұздығынан көтеріледі.

Шыңға Қазақстанның мемлекеттің туы, Қазақстан халқы ассамблеясының, «Нұр Отан» ХДП-сының белгілері мен Жеңістің нышандық жалауы орнатылады.

Бұл шараны ҚР альпинизм және тауға өрмелеушілер федерациясы ҚР президентінің, үкіметінің, «Нұр Отан» ХДП-сының, Қазақстан халқы ассамблеясының, «ҚР тұңғыш президентінің қоры» қоғамдық ұйымының қолдауымен ұйымдастырды.

Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 7010 метр биіктікте орналасқан. Қырғызстан мен Қытаймен шекарадағы Орталық Тянь-Шань жүйесіне кіреді. Хан Тәңірі шыңы – биіктігі жеті мың метрден асатын таулардың ішінде солтүстікке ең жақын.

Соңғы жаңалықтар