13 жасар Бибісара Асаубаева әлемдегі ТОП-50 шахматшының қатарына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
13 жасар Бибісара Асаубаева әлемдегі ТОП-50 шахматшының қатарына енді

13 жасар Бибісара Асаубаева әлемдегі ТОП-50 шахматшының қатарына енді

Қазақстанның шахмат федерациясына ренжіп, жарыстарға Ресейдің атынан шығып жүрген 13 жастағы Бибісара Асаубаева әлемдені ең мықты деген 50 шахматшының қатарына енді. Тізім әйел шахматшылар арасында жасалған.

  • 1 Тамыз 2017
  • 570
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік 1 тамызда FIDE-нің ресми сайтында шахматшылардың әлемдік рейтингі жаңартылған болатын. Әйелдер арасында бұған дейін 78-орында тұрған Бибісара 2421 ұпаймен 47-орынға көтеріліп отыр. Ол 2016 жылдан бері Ресей туының астында өнер көрсетіп келеді. Осы елдің құрамында жүріп Б.Асаубаеа былтыр қазан айында 12 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы атанған еді. Ресей билігі осы жеңісі үшін Бибісараға Мәскеу облысынан 2 бөлмелі пәтер сыйға тартты.

Бұдан бөлек Асаубаева өткен аптада Әлем құрамасының сапында АҚШ-тың ең үздік шахматшыларын жеңді. Сент-Луис қаласында (АҚШ) өткен жарыста қазақ қызы 4 ойынды қатарынан ұтып, әйгілі америкалық бизнесмен Рекс Синкфилдтен АҚШ-қа шақырту алды.


Соңғы жаңалықтар