20 жасар қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 жасар қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

20 жасар қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Аружан Сағындықова Қытайдағы турнирде жеңіс тұғырына көтерілді.

  • 8 Қыркүйек 2025
  • 181
Фото: ҚТФ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Луань (Қытай) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды. 

Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты – 6:3. Осылайша, екі партияда қарсыласын сан соқтырған қазақстандық теннисші чемпиондық тұғырға көтерілді.