Жарияланды: 400

20 жастағы А.Байзекенова қатарластары арасында тоғызқұмалақтан ел чемпионы атанды

Шымкент қаласында тоғызқұмалақтан өткен жекелей және блицтен жекелей жастар арасындағы ел чемпионатында батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, оралдық Айнұр Байзекенова 20 жастағы қыздар арасында чемпион болса, сырымдық Ақгүл Нұрғали 18 жастағылар ішінен күміс медальді иеленді. Тағы бір батысқазақстандық Сайлан Матылов қола жүлдені еншіледі. Ал блицтен Айнұр күміс, Бөрлі ауданының өкілі Әйгерім Лесқалиева қолаға ие болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін