20 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты

20 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты

Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан финалға шықты.

  • 18 Қыркүйек 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Ризабек алғашқы айналымда Венгрия балуанын 13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты.

Аталған салмақтағы финалдық белдесулер бүгін өтеді. Ақтық сында Ризабек әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдеседі.


Сондай-ақ бүгін кілемге шыққан Мейрамбек Қартбай қола медальға таласады. Ол жартылай финалда жапондық балуанға есе жіберіп, финалдан сырт қалды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера