2018 жылғы қысқы Олимпиада Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2018 жылғы қысқы Олимпиада Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін болды

2018 жылғы қысқы Олимпиада Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін болды

түстік Кореяның Пхенчхан қаласы 2018 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығына ие болды, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

  • 8 Шiлде 2011
  • 756
Фото - Caravan.kz

Пхенчхан немістің Мюнхен қаласы мен француздың Анси курортын басып озды.

Оңтүстік Корея Президенті Ли Мен Бек Пхенчхан қаласының өтінішін таныстыру кезінде, 2018 жылғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушыларға үкімет тарапынан міндетті түрде қолдау көрсетуге уәде берді.

«Пхенчхан-2018 — Корея үкіметі үшін ұлттық басымдық және соңғы 10 жыл бойы солай болып келеді», — деді Оңтүстік Корея Президенті өз сөзінде.

Осымен өз кандидатурасын үшінші рет ұсынып отырған Пхенчхан, бұған дейін 2010 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын — Ванкуверге, 2014 жылғы Олимпиаданы өткізу құқығын — Сочиге беріп алған еді.

Соңғы жаңалықтар