2020 жылғы велоспорттан әлем чемпионаты жоспарланған мерзімде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылғы велоспорттан әлем чемпионаты жоспарланған мерзімде өтеді

2020 жылғы велоспорттан әлем чемпионаты жоспарланған мерзімде өтеді

 

  • 28 Маусым 2020
  • 69
Фото - Caravan.kz

Велоспорт-2020 әлем чемпионатының ұйымдастырушылары оның Швейцарияда 20-27 қыркүйек аралығында өтетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz порталына сілтеме жасап.

 ТМД ойындарының өтетін уақыты белгіленді Әлем біріншілігі, жоспарланғандай, Эгле-Мартиньи маршруты бойынша өтеді. Қазіргі уақытта ешқандай кедергі жоқ. Сонымен қатар, Швейцария чемпионатын ӘЧ-на дайындық ретінде бақылаймыз. Ол 22 тамызға жоспарланған және әлем біріншілігі өтетін жерде болады. «Өңірдегі денсаулық жағдайы мен Швейцария Федералдық кеңесі, Во және Вале кантондары, Эгль мен Мартиньи коммундары қабылдаған шектеу шараларын бақылап, жарысқа дайындықты жалғастырдық. Әлемдегі жағдайға байланысты мұқият болу керек, бірақ Швейцария чемпионатын ұйымдастырушылар әлем чемпионаты кезінде де біздің тәсілдерімізді бағалап, тәртіпті бақылауда ұстауға көмектеседі», — деді ӘЧ-2020 ұйымдастыру комитетінің президенттері Грегори Дево мен Александр Дебон.



 

Соңғы жаңалықтар