2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге 10 қала үмітті
Халықаралық олимпиада комитеті 2022 жылы өтетін қысқы олимпиада ойындарына кандидат қалалардың тізімін жариялады. |
Ақ олимпиаданы өткізуге барлығы он ұсыныс келіп түскен, деп хабарлайды "АЛАМАН" ұлттық спорт порталы.
Бір қызығы, мәңгі жаз болатын Чили (Сантяго қаласы) мен Жаңа Зеландия (Куенстоун немесе Дунедин) елдері де өз кандидатураларын ұсыныпты.
Польша мен Словакияның Краков және Закапоне қалалары олимпиаданы бірге өткізсек дейді.
Румыния (Брасов немесе Прахово), Швейцария (Давос немесе Сент Морис) елдері әзірге қай қаласын ұсынатынын шешпеген. Бұл елдер нақты қаланың кандидатурасын 2013 жылдың жазына дейін анықтауы керек.
Испания Барселонаның, Украина Львовтың, Франция Ниццаның, Германия Мюнхеннің, Норвегия Осланың кандидатурасын ұсынған.
Олимпиада өткізетін қала 2015 жылы Куала Лумпурде өтетін ХОК сессиясында белгілі болады.
Ал Қазақстан 2011 жылы Алматы қаласын 2022 жылғы қысқы олимпиадаға кандидат ретінде ұсынған еді. Бірақ кейін Үкімет бұл ұсыныстан бас тартты. Себебі, Алматыда 2017 жылы қысқы Универсиада өтеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін