27-маусымда Астанада ТМД елдерінің 4-ші Халықаралық спорт ойындары басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
27-маусымда Астанада ТМД елдерінің 4-ші Халықаралық спорт ойындары басталады

27-маусымда Астанада ТМД елдерінің 4-ші Халықаралық спорт ойындары басталады

27-маусымда Астанада ТМД елдерінің 4-ші Халықаралық спорт ойындары басталады. Оған ТМД-ның 12 елінен спортшылар қатысады. Бұл туралы бүгін, 25-маусымда өткізілген баспасөз мәслихатында аталмыш бәсекені ұйымдастырушы - ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі мен Спорттық ұйымдардың Халықаралық конфедерациясы (Мәскеу) өкілдері хабарлады.

  • 25 Маусым 2003
  • 631
Фото - Caravan.kz

Халықаралық төртінші ойындар «Достастық аясында — бейбітшілік пен денсаулық» деген ұранды ту етпек. Сондай-ақ, бұл жолғы спорттық бәсекелер нашақорлықпен күрес Күніне де арналып отыр. Бұған дейін ТМД елдерінің Халықаралық спорт ойындары Ресей, Беларусь және Украинада өткен болатын.

18-ден жоғары жастағы спортшылар спорттың 11 түрі бойынша бақ сынасады , атап айтсақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стритбол, мини-футбол, жүзу, волейбол, гиря көтеру, бадминтон, дартс және канат тартысу. Ал отбасылық құрамалар отбасылық спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыстарға қатыса алады. Негізгі жарыс түрлері «Алатау» спорт сарайында өтеді деп күтілуде.
Сонымен бірге, спорттық бәсекелердің аясында «Рух пен ағза сұлулығына бас иген кинематограф» тақырыбындағы спорттық фильмдер фестивалі өткізіледі.
Кинофорумда әртүрлі Достастық елдерінде түсірілген 32 деректі фильм ортаға салынады. Олардың арасында халықаралық ірі фестивальдерде жеңіске жеткен жүлдегер фильмдер де бар. Қазақстандық фильмдерден «Хабар» агенттігі, астаналық «АсТВ» телеарнасы мен «Гала ТВ» студиясы, сондай-ақ, облыстық телерадиокомпаниялар түсірген туындылар бұқара назарына ұсынылады.
ҚР туризм және спорт Агенттігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, фестивальдің ашылуында режиссер Бахыт Қайырбековтың олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың рухына бағыштаған «Жеңіске құштарлық» атты фильмінің тұсаукесері өткізіледі.
Кинофестивальдің қазылар алқасының құрамына танымал кино, телевидение және спорт өкілдері қамтылған.

Соңғы жаңалықтар