9 қыркүйекте тарихтағы үздік жекпе-жектердің бірі болады - Қанат Ислам - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9 қыркүйекте тарихтағы үздік жекпе-жектердің бірі болады - Қанат Ислам

9 қыркүйекте тарихтағы үздік жекпе-жектердің бірі болады - Қанат Ислам

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (24-0-0, 19 КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0-0, 11 КО) жекпе-жегінің қарсаңындағы баспасөз мәслихатында Астанадағы кездесуге дайындығы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 454
Фото - Caravan.kz

"Қазақстандағы екінші жекпе-жегім. Кездесуге дайынмын — рингке шығу үшін бір ай тер төккен жоқпыз. 9 қыркүйекте өзімді көрсетсем деймін. Жанкүйерлерімді қуантқым келеді. 9 қыркүйекте отандастарыңызды қолдау үшін келіңіздер", — деді Қанат Ислам. 

Сонымен қатар, отандық боксшы бұл кездесудің тарихтағы үздік жекпе-жектердің бірі болады дегенді айтты. "Бокста жүргеніме 20 жыл болды, көптеген жекпе-жек өткіздім, отанына барып тұрып, медалін тартып алып кеткен кездерім болды. Ал туған жеріңде жұдырықтасу үлкен жауапкершілік әрі құрмет. Мен үшін Астанада жұдырықтасу бақыт", — деді ол. 

Еске салайық, 9 қыркүйекте Астанада бокс кеші өтеді. Қазасқтандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек сол кештің басты кездесуі болып саналады. 


 

Соңғы жаңалықтар