А. Мұхамедиұлы бастаған Астана жұртшылығы паралимпиадашыларды күтіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Мұхамедиұлы бастаған Астана жұртшылығы паралимпиадашыларды күтіп алды

А. Мұхамедиұлы бастаған Астана жұртшылығы паралимпиадашыларды күтіп алды

Рио-де-Жанейрода өткен XV Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан спортшылары елге оралды. Паралимпиадашыларды күтіп алу үшін таңғы сағат 4-те Астана әужайының VIP-залына xалық көп жиналды.

  • 22 Қыркүйек 2016
  • 582
Фото - Caravan.kz

Олардың арасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы да болды.

Делегация құрамында Қазақстанға екі медаль алып берген Паралимпиада жүлдегерлері болды. Еске салсақ, отандық жүзуші Зүлфия Ғабидуллина еркін стильмен 100 метр қашықтыққа жүзуден әлем рекордын жаңартып, Тәуелсіз Қазақстан үшін Паралимпиаданың тұңғыш алтын медалін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен пауэрлифтер Раушан Қойшыбаева Ойындардың күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Риодағы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан барлығы 11 спортшы аттанған болатын. 


Соңғы жаңалықтар