Олардың арасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы да болды.
Делегация құрамында Қазақстанға екі медаль алып берген Паралимпиада жүлдегерлері болды. Еске салсақ, отандық жүзуші Зүлфия Ғабидуллина еркін стильмен 100 метр қашықтыққа жүзуден әлем рекордын жаңартып, Тәуелсіз Қазақстан үшін Паралимпиаданың тұңғыш алтын медалін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен пауэрлифтер Раушан Қойшыбаева Ойындардың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Риодағы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан барлығы 11 спортшы аттанған болатын.