Ә. Ниязымбетов Азия чемпионаты мен Алматыда өтетін әлем біріншілігіне қатысады
Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов 2013 жылғы Азия чемпионаты мен Алматыда өтетін әлем біріншілігіне қатысатынын мәлімдеді. |
- Алға қойған жоспарларым көп. Келер жылы Азия және әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсету үшін дайындаламын, - деді олимпиада жүлдегері.
Астанада өткен бокстан Қазақстан кубогы финалында ҚБФ биылғы жылдың ең үздік боксшыларын марапаттады. Қорытынды бойынша, Серік Сәпиев пен Марина Вольнова - Қазақстанның ең үздіктері болып танылды, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін