А. Винокуров "Тур де Франс" көпкүндігінің жарыс жолынан шығып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Винокуров "Тур де Франс" көпкүндігінің жарыс жолынан шығып қалды

А. Винокуров "Тур де Франс" көпкүндігінің жарыс жолынан шығып қалды

«Тур де Франс-2011» көпкүндігінің 9-шы кезеңінде жарыс жолында құлап қалған қазақстандық «Astana» клубының көшбасшысы Александр Винокуров веложарыстан шығуға мәжбүр болды.

  • 11 Шiлде 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz

Мәліметтер бойынша, Александрдың жамбас сүйегі сынған және медицина мамандары оны растап отыр ҚазАқпарат бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Спорттық мансабымен қоштасқалы отырған Александр Винокуровты велоспорттан осылай кетеді деп кім ойлапты. Жолдың шетіне ұшып кеткен оны бүкіл команда болып әрең шығарып алды. Осы оқиғада Юрген Ван ден Брук та зардап шекті, ол да веложарыс жолынан шығып қалды», — делінген сайттың хабарламасында. Айта кетейік, 8-ші кезеңнің нәтижесі бойыша А. Винокуров жалпы есепте көш басындағы спортшыдан небәрі 32 секундқа қалып қойып, 11-ші орында келе жатқан болатын. Ал жалпы, мамандардың пікірінше, жерлесіміз «Тур де Франс-2011» көпкүндігінде басты жүлдеден үміткерлер велошабандоздардың қатарында болды.

Ал әзірге «Rabobank» командасының мүшесі Луис-Леона Санчес, «Europcarлық» уомандасының өкілі Томас Феклер және «FDJ» командасының мүшесі Санди Касар кірген көшбасындағы үштік 4 минут басымдықпен алдарына жан салмай келеді. 9-шы кезеңде мәре сызығын бірінші болып Луис-Леон Санчес кессе, екінші болып Томас Феклер келді. Ал үшінші нәтижені Санди Касар көрсетті. 9-шы кезеңнің қорытындысы бойынша бас классификация араласып кетіп, алғашқы орындарда мамандар күткеннен мүлде басқа спортшылар көрініп отыр.

Соңғы жаңалықтар