Абель Санчес Головкин үшін орташа салмақтағы ең қауіпті қарсыласты атады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абель Санчес Головкин үшін орташа салмақтағы ең қауіпті қарсыласты атады

Абель Санчес Головкин үшін орташа салмақтағы ең қауіпті қарсыласты атады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қарамағындағы спортшы үшін орташа салмақта ең қауіпті қарсылас - АҚШ боксшысы

  • 23 Қазан 2015
  • 470
Фото - Caravan.kz

Питер Куиллин екенін атап өтті, деп хабарлайды boxingscene.com.

Сұхбаттардың бірінде GGG-ға көп проблема әкеле алатын кім деген сұраққа Абель Санчес кенеттен әлемнің бұрынғы чемпионы Питер Куиллиннің есімін атады.

«Жұдырықтасу стилі жағынан дәл осы Куиллин Головкинге күрделі проблемалар әкелуі мүмкін. Алайда олардың жекпе-жегінің өткізілуі екіталай. Әрине, бәрі де Питерге байланысты. Бірақ ол тым үлкен гонорар — 5 немесе 10 миллион сұрап отыр. Алайда оның бір жекпе-жек үшін табысы 500 мың доллардан әзер асқан», — деді Санчес.

Еске сала кетейік, өткен демалыста Нью-Йорк қаласында Головкин Канада боксшысы Давид Лемьемен рингте кездесіп, сегізінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. Сол арқылы өзінде бұған дейін болған WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдамалары бойынша титулдарына бұған дейін канадалық спортшының еншісінде болған IBF белбеуін қосып алды. БАҚ-тың ақпаратынша, бұл жекпе-жек 150 мыңға жуық PPV жинаған.

Бұл Головкиннің мансабында 34-ші жеңіс болды, соның 31-ін ол нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ қазақстандық спортшы мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңістер топтамасын  21-ге дейін көбейтті. 


Соңғы жаңалықтар