Абылай Қанатұлы: "Әйелдерге грек-рим күресімен айналысуға рұқсат жоқ" - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абылай Қанатұлы: "Әйелдерге грек-рим күресімен айналысуға рұқсат жоқ"

Абылай Қанатұлы: "Әйелдерге грек-рим күресімен айналысуға рұқсат жоқ"

Грек-рим күресі классикалық күрес. Дене тік, мойын тік сондай әдемі күрес. Грек-рим күресінде әйел адамдар мүлдем жоқ, тек еркек адамдар күреседі, дейді осы сала маманы.

  • 12 Наурыз 2021
  • 232
Фото - Caravan.kz

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Еуропа елдерінде пайда болған грек–рим күресінің еліміздегі даму қарқыны қандай деңгейді. Ең алғаш грек-рим күресінен қазақты әлемге танытқан кімдер?

Грек-рим күресінің артықшылықтары мен айырмашылықтарын білу үшін Caravan.kz порталының тілшісі грек-рим күресінен спорт шебері Серік Абылай Қанатұлымен тілдескен болатын.

— Абылай мырза, өзіңізді балуан ретінде білеміз. Қай өңірдің тумасысыз? Өзіңіз жайлы толығырақ айтып өтсеңіз.

— Мен 1994 жылы 12-ақпанда, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауылында дүниеге келгенмін. Әкем Қанат ауған соғысының ардагері. Отбасымда бес ағайындымыз. Үлкен әпкем, екі қарындасым, бір інім бар.

— Грек-рим күресінен спорт шеберісіз, бұл спортқа қалай келдіңіз?!

— Бала кезімнен спортқа қатты қызығатынмын. Бұл спорт түріне келуіме әкемнің көп септігі тиді. Өсе келе қызығушылығым одан сайын артып, жолым ашылып осы спортқа түбегейлі келдім. Бұл жолда небір мықты-мықты адамдармен таныстым. Өзімді дамыттым, жаттықтым. Тек спорт шеберлік жағынан ғана емес, адамгершілік жағынан да өсіп дамуыма бірінші Алла, содан соң осы спорт түрі себеп болды. Маған бағыма орай тек жақсы адамдар, шынайы адамдар жолықты, менің жетістігіме қуанатын, қасымнан табылатын адамдар болды. Олардан көп нәрсе үйрендім. Үйренерім әлі де көп. Білгенім тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз дегендей. Қазіргі жетіп отырған жетістіктерім міне бірінші Алла сосын отбасым және сол жақсы адамдарың арқасы. Мынау қазіргі ат үстінде еркін отыруымда осы грек-рим күресіндегі ағаларымның арқасы деп толық айта аламын.

— Жалпы Қазақстанда грек-рим күресінің жақсы жолға қойылғаны мәлім. Дегенмен бұдан да жақсы дамуына не кедергі деп ойлайсыз?!

— Қазағымның әрбір азаматы мықты. Елім, жерім деп тұрған кеудесінде патриот тола отансүйгіш жігіттер жоқ емес бар, олар тіпті көп. Бірақ соларға дұрыс бағдар көрсететін, жол сілтейтін, көмек беретін алдыңғы буын аға, бапкерлер керек. Ондай күшті бапкерлер де бар. Бірақ қазіргі таңда грек-рим күресінен сондай ағаларымызды шығармай отыр. Қазіргі бас бапкерлерге тіл тигізгім кеп тұрған жоқ әрине. Әрқайсысы өз алдына мықтылар өздерін дәлелдеген тұлғалар. Бірақ бір түсінбейтінім неге әлі күнге дейін олимпиадалық чемпиондар жоқ. Неге жарқырап шыққан жоқ жастарымыз әлі. Осы сұрақты сол бапкерлерге қою керек деп ойлаймын.

— Грек-рим күресінен Қазақстанның атын әлемге танытқан Жақсылық ағамыз бен Дәулеттерді ел біледі. Өзіңіз тағы кімдерді атап өтер едіңіз?!

— Қазақстанды әлемге танытқан әрине ең бірінші ол — Жақсылық Үшкемпіров атамыз. Жатқан жері жайлы болсын ол кісінің. Әлемнің мықтыларының бірі, қазағымыздың өнелегі тұлғаларының бірі.Тарихта есімі жазылып, мәңгі есімізде сақталады.Одан кейін тағы да бізде мықты балуандар көп. Боранбек Қоңыратов деген ағамыз бар. Қазіргі мықты бапкерлердің бірі, көпшілік танымаса да бапкерлер арасында танымал мықты адам деп айтсам болады. Ол кісінің оқушылары да көп. Мысалы: Демеу Жадыраев, Алмат Кебісбаев деген сияты жігіттер. Одан басқа да балуандар бар Асхат Дінмұхаммедов, Ербол Қоныратов, Нұрбақыт Теңізбаев. Міне осы кісілердің алдында өсіп, сұхбаттасып, жеңістеріне куә болып жүргендіктен бізді танытып жатқан тұлғалар деп ауыз толтырып айта аламын. Және бұл ағаларымнан мен үлгі аламын, мақтан тұтамын.

— Грек-рим күресіне қазіргі жастарда қызығушылық бар ма?

— Қазіргі жастардың бұл спорт түріне қызығушылықтары аз емес, тым көп те емес, бірақ бар. Қызығушылығы өте жоғары, талапты, талантты жастар бар. Әрқайсысы біздің беделді, мықты аталарымызға қарап, олардың қаншалықты мықты тұлға екендігін көре білсе, ол жастар міндетті түрде спортқа келеді. Өйткені сол кісілерден үлгі алады. Бізде солай үлгі алып келгенбіз. «болмасаң да, ұқсап бақ» деген бар ғой. Болашақта бізден талай мықты балуандар шығады. Біздің жастар әлі талай биік, белестерді, шет елдерді бағындырады. Менің оған деген сенімім мол.

— Грек- рим күресі басқа күрес түрлерінен несімен ерекшеленеді, қандай артықшылықтары бар?!

— Грек-рим күресі сондай бір классикалық күрес деп аталды ғой негізі. Дене тік, мойын тік сондай бір әдемі күрес. Аяқтан ұстау жоқ. Тек белден жоғары. Бұл жерде тек жүйке-жүйесі мықты адамдар жеңіске жетеді. Психологиялық жағынан мықты болуыңда маңызды рөл атқарады. Артықшылығына келетін болсам, грек-рим күресінде әйел адамдар мүлдем жоқ, тек еркек адамдар күреседі. Басқа спорт түріне қарайтын болсақ,бәрінде әйелдерге шұғылдануға рұқсат етіледі. Бірақ грек-рим күресінде рұқсат жоқ.

— Осы күрестің балуандары ережесіз жекпе-жекке ауысып кетуіне қалай қарайсыз?

— Осы грек-рим күресінен жекпе-жекке ауысып кетіп жүрген балалар бар әрине. Бірақ барлығы емес. Күрес ол – сүннет. Ал жекпе-жек деген ол адам өзіне, біреуге, денсаулығына қиянат жасау, зақым келтіру болып саналады. Ертең бір жерде төбелескенде дұрыс емес жеріңе тиіп кетсе, немесе біреудің нәзік жеріне тиіп кетсе зақым тиеді. Сондықтан мен өзім оған түбегейлі қарсымын. Өзімнің де төбелескім келмейді, біреуге де қастандық жасағым келмейді. Және басқа да жігіттерге айтарым осы.

— Қазіргі таңда сіз немен айналысып жатырсыз?! — Қазіргі таңда жалпы өзім күреспен айналысамын. Оған қоса өзіміздің жеке шаруа қожалығымыз бар. Сонымен айналысамын. Жылқылар, ірі қаралар бар. Одан кейін басқа кәсіптер бар. Уақыт жоқтың қасы. Өзім спортқа жақын болғандықтан,спорт сүйер адам болғандықтан бәрібір спорттың айналысынан кете алмаймын. Соны түсіндім.

Соңғы жаңалықтар