ӘЧ: Дина Жоламанның "көз ілеспес нокауты" жұртты тәнті етті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ: Дина Жоламанның "көз ілеспес нокауты" жұртты тәнті етті

ӘЧ: Дина Жоламанның "көз ілеспес нокауты" жұртты тәнті етті

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпионы қазақстандық Дина Жоламанның 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жекпе-жегін атап өтті.

  • 18 Мамыр 2022
  • 220
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Жоламан испаниялық Мария дель Кармен Мадуэноны ұпай санымен жеңген еді. Жекпе-жек кезінде операторлар қазақстандық боксшы жәндікті "нокаутқа түсірген" сәтін түсіріп алған.

"Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты кезінде боксқа ешкім бейжай қарамайды. Чемпионатты тамашалау үшін ең жақсы жерді таңдаған мына кішкентай жанкүйерге қараңызшы", — деп жазды ұйымның баспасөз қызметіндегілер.

Жоламан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда серб Елена Зекичті жеңіп, Қазақстан қоржынына бесінші медальді салған еді.


Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48), Жайна Шекербекова (52), Карина Ибрагимова (57) мен Валентина Хальзова (70) жартылай финалға шыққан болатын.

Одан бөлек жеті боксшымыз үшін Ыстамбұлдағы әлемдік дода аяқталды: Назым Қызайбай (50), Римма Волосенко (60), Аида Әбікеева (63), Дариға Шәкімова (66), Надежда Рябец (75), Гүлсая Ержан (81) мен Ләззат Күнгейбаева (+81).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера