Жарияланды: 500

Адай жүйріктері Достастық кубогы үшін халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды

РФ Рязань облысының Спасск-Рязань қаласында 29-31 шілде аралығында Достастық кубогы үшін халықаралық ат жарыстары болып өтті.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық әкімдігі хабарлады. Жарыстарға Беларусь, Қазақстан, Ресей мен Украинаның құрама командалары қатысты. Әр құрамада бес жылқыдан да болды. Қазақстан намысын өткен жылдың мамырында Қазақстан халқы спартакиадасы мен Азия ойындары чемпионаты аясында ұйымдастырылған 80 шақырымға қашықтық жарыстарда жеңімпаз атанған Маңғыстау облысының сәйгүліктері қорғады. Үстіміздегі жылдың 30 шілдесінде 80 шақырымдық қашықтыққа халықаралық жарыста жалпы командалық есепте адайлық сәйгүліктер кабардиндік тұқымдас аттардан озып, бірінші орынды иеленді. Сөйтіп, жарыстар нәтижелері бойынша бірінші және үшінші болып мәре сызығын Ойлы және Жирен (жокей Сесен Ратып) жылқылары кесті. Осының арқасында Достастық кубогы Қазақстанға тиесілі болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін