”Көре алмай өліп бара жатыр”: Нұрлан Еспанов “Реал Мадрид” ойынына билет сатқан ұлын сынағандар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Көре алмай өліп бара жатыр”: Нұрлан Еспанов “Реал Мадрид” ойынына билет сатқан ұлын сынағандар туралы

”Көре алмай өліп бара жатыр”: Нұрлан Еспанов “Реал Мадрид” ойынына билет сатқан ұлын сынағандар туралы

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы қыркүйек айында өткен “Қайрат” - “Реал Мадрид” матчына билет сатамын деп сынға қалған еді.

  • 12 Желтоқсан
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі “Бірінші бол” YouTube арнасына берген сұхбатында оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

“УЕФА-ның сайтынан билет алу үшін қиындап кеткен ғой, жсн жібер, ананы жібер деп бәрін сұрайды. Бізде 50 билет болса, өзім барып жатпаймын ба?! Өзім билет таппай қалдым. 150 мыңның билеті шықты, кезегіміз келіп тұрса да ала алмадық қой. Балама Айкерім деген бір қыз “әлеуметтік желіге салып берші” деп өтініш жасаған ғой. Сонда адамдар УЕФА-ның сайтынан қалай 50 билет аласың деп ойланбайды. Ол билеттер “сайттан ұрланды” деп оны ұстап алса бір жөн. Бір адамға екі билет ғана сатты ғой. Мен ол екі билетті сатамын ба, сақтаймын ба, сыйлаймын ба өзім білемін ғой. Маған “билет сатып жүргені несі, істейтін тірлігі қалмады ма” деп жазып жатты. 50 билетті ешкім ала алмайды. Алған күнде де қаншаға сатса да өзі біледі. Стадионның жанында, артында, жанында, дүкенде сатса да өзі біледі ғой. Көре алмай өліп бара жатыр ғой. Іштарлық деген осы. Түсінбейді, бірақ жазады. Менің балам билет сататын адамға ұқсайды ма? Ол өмірінде ештеңе сатпаған бала ғой. Сәкеннің баласы мен менің баламның тұзы жеңіл. Ілініп қала береді”, — дейді ол.

Әнші Қазақстанда жанкүйерлік мәдениеттің қалыптаспағанын да тілге тиек етті.

”Баяғыда “Астана” мен “Галатасарайдың” ойынына кірдім. Алдымда “Галатасарайдың” 100 жанкүйері отырды. Бүкіл стадионның дауысы 100 жанкүйердің ұранын баса алмады. Бізге де сондай ұрандар екен. Бізде “ақшасын төледік қой, ойнасын” деп отыратындар көп қой. Сондайларды түсінбеймін. Біздің футболда әлі жанкүйерлік мәдениет қалыптаспаған. Ол біразға дейін қалыптаспайды-ау. Футболға қызықтырудың жолы көп. Бірақ соны жасамаймыз ғой. Намысы барлар келіп, қызығатын адамдар келе алмай қалып жатыр. Адамдарды арзан футболға үйретіп қойып жатырмыз. Қымбат футболға ақшасы жетпей қалып жатыр. 250 мың теңгелік билеттерге біздің жанкүйерлер үйренбеген. Сол кезде “Қайраттың” жанкүйерлері далада қалып кетті. 1000-2000 теңгелік футболға үйрету дұрыс, бірақ екінші жағын да ойлауды үйретпей жатырмыз. Адам арзанға үйренбеу керек. Бізде футбол емес, жеткізуіміз арзан”, — дейді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера