Africa Eco Race: «Астана» жалпы есепте жоғары көтерілді
«Астана» қазақстандық командасы Africa Eco Race-2013 ралли-рейдінде кезекті түзетулерден кейін жалпы есепте жоғары көтерілді, |
деп хабарлайды Vesti.kz.
BOWLER жол талғамайтын көлігіне мінген қазақстандықтар Юрий Сазонов пен Арслан Сақымов бес кезеңнен кейін - 18-інші, MEBAR М440 көлігінің тізгінін ұстаған Қанат Шәгіров пен Александр Мороз 21-інші орында болды. Қазір экипаждар сәйкесінше 16-шы және 19-ыншы орындарды иеленуде.
Қазіргі уақытта жалпы есепте француздар Жан-Луи Шлессер мен Сирил Эскироль (Sonangol Schlesser) және Жером Пеличет пен Хавьер Пансери (Loomans Racing) көш бастап тұр, екінші орында чехтар Мирослав Заплетал мен Масьек Мартон (Offroad sport).
Ендігі кезекте командаларға Дахладан Чамиге дейінгі 574 шақырым жерді еңсеру қажет. Ралли қатысушыларына Марокко, Мавритания және Сенегал аумағы бойынша барлығы 11 кезеңнен өту керек. Мәре - 9 қаңтар күні Дакардың Қызылала өзенінде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін