Жарияланды: 410

Africa Eco Race-2013: «Астана» экипажы өз санатында тағы да бірінші

Africa Eco Race-2013 ралли-рейдінің үшінші кезеңінде MEBAR М440 жол талғамайтын көлігімен жарысқа түскен қазақстандық экипаж

(пилоттар Қанат Шәгіров және Александр Мороз) мәреге Т2 санатында - бірінші және барлық көліктер арасында 24-інші болып жетті. Vesti.kz хабарлағандай, автомобильдер санатында жеңімпаз Жан-Луи Шлессер мен Сирил Эскирольдің экипажы болды. Үш минутқа кейін келген олардың жерлестері Жером Пеличет пен Хавьер Пансери - екінші, ал Жак Луманс пен Фриц Дрисманстың бельгиялық экипажы үшінші болды. Қазақстандық жол талғамайтын көлік Шлессер мен Эскирольден үш жарым сағаттан астам уақытқа кешігіп келді, сөйтіп, жалпы есепте екі позиция жоғалтты. Енді «Астана» экипажы 22-інші орында орналасуда. Жалпы есепте көшбасшылықты Шлессер мен Эскироль сақтап тұр. Олар Пеличет пен Пансериден сегіз минутқа озық. Үшінші орынға Луманс пен Дрисманның экипажы көтерілді. Аталғандардың барлығы Т1 жол талғамайтын көлігімен жарысқа түсуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін