Africa Eco Race-2013: «Астана» тоғызыншы кезеңнен кейін де алғашқы ондыққа ене алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Africa Eco Race-2013: «Астана» тоғызыншы кезеңнен кейін де алғашқы ондыққа ене алмады

Africa Eco Race-2013: «Астана» тоғызыншы кезеңнен кейін де алғашқы ондыққа ене алмады

Қанат Шәгіров-Александр Мороз және Юрий Сазонов-Арслан Сахимов қазақстандық экипаждары

  • 8 Қаңтар 2013
  • 397
Фото - Caravan.kz

Africa Eco Race-2013 ралли-рейдінің тоғызыншы кезеңінің нәтижесі бойынша барлық автокөліктер арасында алғашқы жиырмалықтың қатарында.

Vesti.kz хабарлағандай, BOWLER жол талғамайтын көлігінің тізгінін ұстаған Сазонов пен Сахимов Акжужт пен Тенадиге дейінгі 459 шақырым қашықтықты 7 сағат 22 минут 57 секундта еңсергеннен кейін, 14-інші орынға орналасты.

MEBAR М440 жол талғамайтын көлігінде өнер көрсететін Шәгіров пен Морозда дистанция соңында көлікпен қиындықтар туындады. Мәреге 100 шақырым қалғанда «Астана» экипажы бір орында тұрып қалды. Техникалық көмек көліктері тар жолдармен өте алмайтындықтан, Қанат пен Александр ақауды жоюға өздері кірісті. Нәтижесінде қазақстандық экипаж мәреге 16-ыншы болып жетті (8:34:38). Айта кетейік, көлікпен болған ақаулар үшін Т2 санатындағы көшбасшылар екі сағаттан астам уақыттарын жоғалтты.

Көліктердің жалпы есебінде Шәгіров- Мороз және Сазонов- Сахимов қазақстандық экипаждары сәйкесінше 11-інші және 15-інші орындарда.