Жарияланды: 370

Africa Eco Race-2013: «Астана» жол талғамайтын көліктердің Т2 санатында жеңімпаз болды

«Астана» қазақстандық командасының MEBAR М440 көлігіне мінген

Қанат Шәгіров пен Александр Мороздың экипажы Africa Eco Race-2013 ралли-рейдінің жол талғамайтын көліктердің Т2 санатында жеңімпаз болды. Vesti.kz хабарлағандай, барлық автокөліктер арасында жеңімпаз өзі құрастырған көліктің тізгінін ұстаған француз Жан-Луи Шлессер болды. Ол Africa Eco Race-тің жол талғамайтын көліктер сынында жалғыз жеңімпаз болып отыр. Жүк көліктері арасында жеңіске "КАМАЗ-Мастер" командасының Антон Шибалов, Дмитрий Сотников және Евгений Яковлевтің экипажы жетті. Еске салайық Africa Eco Race-2013 27 желтоқсан күні Францияның Сен-Сиприен қаласында басталды. Раллиге қатысушылар Марокко, Мавритания және Сенегал бойынша барлығы 11 кезеңнен өтті. Жарыс кеше Сенегал астанасы Дакардағы Алқызыл өзенінде аяқталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін