Африкалық футболшы әдемі финт жасағаны үшін сары қағаз алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Африкалық футболшы әдемі финт жасағаны үшін сары қағаз алды

Африкалық футболшы әдемі финт жасағаны үшін сары қағаз алды

Оңтүстікафрикалық «Бароки» клубының жартылай қорғаушысы Сифо Мути финт жасағаны үшін сары қағаз алды.

  • 27 Қазан 2016
  • 1727
Фото - Caravan.kz

ОАР Лига кубогы аясында «Платинум Старске» қарсы ойында футболшы екі тізесін допқа қойып, би билей бастайды. Кездесудің төрешісіне ойыншының бұл қылығы ұнамай қалса керек, сол мезетте Мутиге сары қағаз көрсетті.

Оңтүстік Африканың бұрынғы төрешісі Асе Н’Кобо ойында Мутиді жазалаған арбитрдің шешімімен келіспейді. «Ойыншы өзін көрермендер алдында көрсеткісі келеді. Бұл көңіл көтеру, осындай қызықтарды көру үшін адамдар ақша төлейді», — деді Н’Кобо.


Соңғы жаңалықтар