Жарияланды: 630

АІВА президенті қазақстандық боксшы Қанат Исламның Лондон Олимпиадасына қатысуына қолдау көрсететіндігін айтты

АІВА қазақ боксшысы Қанат Исламның Лондон Олимпиадасына қатысуына көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Халықаралық бокс федерациясының (АІВА) президенті Чинг-Куо Ву мәлім етті.

Еске сала кетейік, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында «келесі жылы өтетін Лондон олимпиадасында алтыннан алқа тағуға бірден-бір үміткер Қанат Ислам дүбірлі додаға бармай қалуы мүмкін» деген ақпарат тараған болатын. Себебі халықаралық ереже бойынша, азаматтық ауыстырған боксшы кемінде 3 жыл сол елдің намысын қорғауы тиіс. Содан кейін ғана спортшы халықаралық аренаға азаматтық алған мемлекеттің атынан шыға алады. Бұл мәселе қазір АІВА-ның қарауында жатқандығын айтқан Ву мырза, «қазақ боксшысы Қанат Исламның айналасындағы бұл мәселені оң шешуге барынша қолдау көрсетіп бағатындықтарын» хабарлады. АІВА президентінің айтуынша, Қ. Ислам оның сүйікті боксшыларының бірі. «Былтыр ғана АІВА-ның кәсіби бокс алаңы саналатын Бүкіләлемдік бокс сериясының турнирі өтті. Сол додада Қанат Ислам жарқ етіп көрінді және ол - өнеріне таңдана қарайтын менің ең сүйікті боксшыларымның біріне айналды», - деді ол мәслихатта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін