”Аяқ-қолы тырысып қалды”: MMA жауынгері Бекзат Алмаханның жеңілісіне қатысты тың ақпарат айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Аяқ-қолы тырысып қалды”: MMA жауынгері Бекзат Алмаханның жеңілісіне қатысты тың ақпарат айтты

”Аяқ-қолы тырысып қалды”: MMA жауынгері Бекзат Алмаханның жеңілісіне қатысты тың ақпарат айтты

22 қараша күні Дохада өткен UFC Fight Night турнирінде Бекзат Алмахан қазылар шешімімен UFC чемпионы Илия Топурияның туған ағасы, испандық Александр Топурияға есе жіберді.

  • 27 Қараша
  • 116
Фото - Caravan.kz

Бұл жеңіліс қазақстандық файтер үшін америкалық промоушен аясында өткізген үш жекпе-жектің екіншісі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Осы ретте MMA жауынгері Абай Жалал Azamat Sport YouTube арнасына берген сұхбатында өзінің командаласы Бекзат Алмаханның не себепті жеңілгенін айтты.

“Біз Катарда 21 күн болдық. Бекзат өзі үш ай Америкада дайындалып келді. Мына жақтан біз Дамир екеуміз бардық. Ағай жекпе-жек болатын аптада келді. Ертерек барып, Катардың ауа райына да үйрендік, дайындық та жасадық. Салмақты да дұрыс алып келдік. Өткен жолы өздеріңіз білесіздер, Азат кішкене салмақтан қиналған. Бекзат салмақтан ешқашан қиналмайды, жеңіл өтеді. Бекзаттың Америкадағы дайындығын көрген жоқпыз. Өзінен сұрасақ “жақсы спаррингтер өткіздім” деді. Мен де, Дамир де спарринг өтті. Сыртынан қарадым, секундант болдым. Формасы, бәрі өте жақсы болып тұрған. Мен де Бекзаттан мұндай жекпе-жек күтпедім. Өйткені, Бекзатпен қанша жыл бірге жаттығу жасап жүргеннен кейін оның деңгейін, қалай төбелесетінін білемін. Сондықтан жақсырақ жекпе-жек күттім. Мүмкін, Бекзат онымен ертесіне төбелессе, ұтып алатын еді деген де ой болады. Сол күні Бекзатқа тура келмеді. Келесі күні немесе 1-2 сағаттан кейін шықса, ұтып алатын ба еді?! Бұл — қайтып келмейтін мүмкіндік. 15 минут өтеді де кетеді. Сен 6 ай дайындал, жылдап дайындал, 3 раунд өтеді, болды. Ол мүмкіндік қайтып келмейді. Бекзатқа да осы нәрсені айттық. Барынша көмектестік. Ол ұтсын, ұтылсын, қолдаймыз”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол Бекзатқа психологиялық қысым да айтарлықтай әсер еткенін айтты.

“Бірінші раундты төрешілер Бекзатқа да Топурияға да берген екен. Егер үшінші раундты Бекзат толықтай ұтқанда жеңісті жұлып әкетіп, жеңіс бізде болатын еді. Бекзат бірінші раундта жақсы ұрды. Бірақ екінші, үшінші раундта шаршай бастады. Өйткені, Топурия тоқтаған жоқ. Раунд сайын темпті көтеріп отырды. Бекзатты оқыған, жаттаған. Бекзатқа псиихологиялық қысым да көрсетіп отырды. Жанкүйерлер түсінбеуі мүмкін. Бірақ, файтердің көзқарасымен қарасаң, мұндай жекпе-жектерде қысым жоғары болады. Стиль жағынан ыңғайсыз қарсылас емес. Топуриямен төбелесуге болады, тек алдыға қарай жүретіні бар. Әзірге жеңілістен кейін Бекзатпен ашық сөйлескен жоқпыз. Бекзат “бірінші раундтан кейін кішкене қол-аяғым тырысып қалды” деді. Күресте, бокста, ММА жүрген спортшылар біледі, адам шарашаған кезде ештеңе істей алмайды. Қанша жерден техникаң болсын, басқа нәрсең болсын, олар рөл ойнамайды. Бекзат та кішкене шаршап қалды. Біліп тұр, бірақ жасай алмайды”, — дейді Абай Жалал.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера