Жарияланды: 180

Айбек Нұғмаров "Әлем барысы" атанды

Айбек Нұғмаров "Әлем барысы" атанды

Айбек Нұғымаров екінші рет "Әлем барысы" атанды.

Финалда қазақстанның екі балуаны - Айбек Нұғымаров пен Ерсұлтан Мұзафаров кездескен болатын, деп хабарлайды BAQ.kz.

Белдесу 4 минутқа созылды. Алғашқы минутта Айбек ескерту алып, Ерсұлтанның еншісіне бір ұпай жазылды.

Мұзафаров екінші минутта әдіс жасап, ұпайын еселей түсті. Бірақ, үшінші минуттың ортасында Айбек айласын асыра білді. Есепті теңестіруге жақындап, тартыс қыза түсті. Ақыры, Нұғымаров төртінші минутта таза жеңіп, Екінші рет "Әлем барысы" атағын жеңіп алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть