Әйгілі «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Қазақстанда доп тебуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгілі «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Қазақстанда доп тебуі мүмкін

Әйгілі «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Қазақстанда доп тебуі мүмкін

Испанияның әйгілі «Реал» командасында өнер көрсеткен франциялық қорғаушы Жюльен Фобер мансабын Қазақстан премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2017
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Кардифф Сити» клубының спорт директоры Алишер Апсалямовтың айтуынша, 33 жастағы франциялық қорғаушы «Алтай» ұжымына ауысуға жақын.

«Қазіргі уақытта Жюльен Фобердің трансфері бойынша айналысып жатырмыз. Ол Францияда, Англияда 200-ден астам ойынға қатысқан. Әйгілі Мадридтің «Реалында» да өнер көрсеткен. Шыны керек, ендігі кезекте Қазақстан премьер-лигасындағы «Алтай» клубында бақ сынап көргісі келеді. Бірақ әзірге келіссөздер жайлы толықтай айта алмаймын», – деді Апсалямов.

Айта кетейік, испаниялық клуб Фоберді «Вэст Хэмнен» 2009 жылдың қаңтар айында 1,5 миллион еуроға жалға алған. Сонымен қатар, ол Францияның «Канн», «Бордо», Түркияның «Елязыгспор» клбутарында ойнаған.


Соңғы жаңалықтар