”Акимат бос стадионды не істейді”: Танымал проюдюсер футбол жанкүйерлеріне үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Акимат бос стадионды не істейді”: Танымал проюдюсер футбол жанкүйерлеріне үндеу жасады

”Акимат бос стадионды не істейді”: Танымал проюдюсер футбол жанкүйерлеріне үндеу жасады

Танымал продюсер Ақылбек Досжанның “Bas production” компаниясы жыл басынан бері футболдан премьер лигадаға әрбір ойынның телекөрсетілімін жасады.

  • 3 Желтоқсан
  • 134
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Продюсер Sport Pulse YouTube арнасына берген сұхбатында футбол мәдениетін қалыптастырудың жолдарымен бөлісті.

“Қазір төбелесуге рұқсат жоқ. Біреуді ұрсаң, ол кешірім берсе де сотталасың. Сондай заң шықты. Заң бола тұрып, 20 мың адамға айыппұл салынып жатса, футболға зиян. Соған жеткізбеу үшін біз алдын ала жұмыс істеуіміз керек. Футбол мәдениетін құруымыз керек. Бізде қашан стадион жиналады? Садраддинді, ИК немесе Тұрарды апарсақ стадион жиналады. Сол үшін бізге бірінші орында әр командадан футбол жұлдызы, ұйымдастырылған фанклуб керек. Бәрі уақытпен орнына қойылатын дүние. “Қызық times”-тың YouTube каналында 2,5 миллион жазылушы бар. Бір күнде жасалған жоқ. Мараттың еңбегі. Бізде солай жұмыс істеуіміз керек”, — дейді ол.

Сондай-ақ, продюсер осы ретте жанкүйерлерге де үндеу жасады.

“Әр командаға деректі фильмнің идеяаын жазып қойдым. Мысалы “Елімайды”, “Қайсар”, “Ақтөбені” не туралы түсіруіміз керек дегендей. Бірақ менеджерлер жетіспей жатыр. Кейбір адамдар тыңдағысы келмейді. Біз шынымен футбол дамысын десек, бірінші өзімізден бастауымыз керек. Егер жанкүйерлер қолайсыз стадионның өзіне күнде бара берсе, акиматтағылар жынды емес қой. Ол стадион бос болса, не істейді оны адам жоқ болса. Мен Атырау облысының стадионына таң қаламын. Демек, ол жақта футболға қызығушылық жоқ деген сөз. Халыққа көтеріліңдер деп айтпаймын. Жәй ғана футболға бара берсінші, сол кезде өзгеріс болады. “Қайраттың” чемпиондар лигасына өткені күшті бум болды. Ендігі жылы олай болмаса не істейміз? Қайтадан өшеміз бе? Қайтадан ұйықтаймыз. Олай болмас үшін өзімізбен жұмыс істеуіміз керек. Қандай футбол болса, соны көтере білуіміз керек”,  — дейді Ақылбек Досжанов. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера