Алан Құрманғалиев Словениядағы әлемдік жарысқа қатысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алан Құрманғалиев Словениядағы әлемдік жарысқа қатысып жатыр

Алан Құрманғалиев Словениядағы әлемдік жарысқа қатысып жатыр

Словенияның Оточец қаласында үстел теннисінен WTT сериясындағы турнирлер басталды.

  • 5 Қыркүйек 2021
  • 45
Фото - Caravan.kz

Аталған сынға Еуропа, Азия мен Американың 20 мемлекетінен спортшылар қатысуда деп хабарлайды Olympic.kz. Біздің елден аталған сынға 14 жастағы Қазақстан чемпионы Алан Құрманғалиев аттанды.

Ол 17 жастағы спортшылар арасында 1/16 айналымға өтіп, өз тобында Якуб Голдир (Словения) мен Тобиас Эллисті (Англия) жеңді. 

Алайда 1/8 айналымға жолдама беретін матчта румыниялық Юлиан Чиритеден 1:3 есебімен ұтылды. 


Бүгін Алан 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынайды.

 

Соңғы жаңалықтар