Жарияланды: 510

Алаңда жарақаттанған «Шахтер» футболшысына ота жасау керек

Алаңда жарақаттанған «Шахтер» футболшысына ота жасау керек

«Оқжетпеспен» кездесуде ауыр жараланған «Шахтер» ФК жартылай қорғаушысы Евгений Кострубке ота жасау керек. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Қазақстан Чемпионатының 32-ші турындағы «Шахтер» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы ойынның 20-шы минутында «Шахтердың» жартылай қорғаушысы Е. Коструб жарақат алды. Оның жілік шыбығы сынып, тізесі шыққан. Қазір Евгений жергілікті облыстық ауруханада. Жақын арада ота жасалмақ», - делінген хабарламада.

33 жастағы Е. Коструб «Оқжетпес» ойыншысы Иван Цветковичтің шалт әрекеттерінен жараланды. 
Ойын «Оқжетпестің» пайдасына: 0:1 есебімен аяқталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін