Алдағы сенбіде елордада жасөспірімдер арасында бокстан Әлем чемпионаты басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы сенбіде елордада жасөспірімдер арасында бокстан Әлем чемпионаты басталады

Алдағы сенбіде елордада жасөспірімдер арасында бокстан Әлем чемпионаты басталады

ҚазАқпарат - Алдағы сенбі күні елордада жасөспірімдер арасында бокстан Әлем чемпионаты басталады,

  • 22 Шiлде 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, байрақты бәсекеде ел намысын Олжас Қалаубек (46 келі), Заңғар Темірхан (48 келі), Әлібек Басапа (50 келі), Рауан Затулла (52 келі), Бекжан Қибатқалиев (54 келі), Ерболат Ермеков (57 келі), Аян Қалыбеков (60 келі), Дәуітбек Қайыргелді (63 келі), Ақылбек Әділғазиев (66 келі), Дәулет Байғабатов (70 келі), Асқар Дүйсәлі (75 келі), Тілек Қозбақов (80 келі), Дидар Төлен (+80) қорғайды.

Дүбірлі додада бақ сынайтын спортшыларымызды жаттықтырып жатқан еліміздің жасөспірімдер және жастар арасындағы бокстан үйлестірушісі, әлем чемпионы Галиб Жафаров: «Мұндай жарысты елімізде өткізу бокстың дамуына, елімізде спорттың қанат жайуына зор қарқын береді», — дейді.

Айта кетейік, 2009 жылы алғаш рет ұйымдастырылған әлем чемпионатына 47елден 283 былғары қолғап шебері қатысқан болатын. Қазақстан сол чемпионатта 3 күміс, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 9 орынға табан тіреген еді.

Соңғы жаңалықтар