Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда ол чехиялық теннисші Далибор Сврчинаны жеңді.
Кездесу 6:1, 6:1 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.