Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бублик беделді турнирдің 1/16 финалында әлемнің 8-ракеткасы Андрей Рублевпен кездесті.
Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 0:6, 6:4 есебімен үш сетте жеңді.
Бублик енді 1/8 финалда америкалық Бен Шелтон мен чехиялық Якуб Меншик арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.