Александр Винокуров «Астана-дуатлон 2015» жарысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Александр Винокуров «Астана-дуатлон 2015» жарысына қатысады

Александр Винокуров «Астана-дуатлон 2015» жарысына қатысады

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров «Астана-дуатлон 2015» жарысына қатысады.

  • 28 Тамыз 2015
  • 516
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының әкімдігі ертең, 29 тамызда, аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай өткізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Спорттық шара сағат 10:00 «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңнан басталады. Жарысқа қатысушылар танымал қазақстандық велошабандозбен бірге 15 шақырым велосипедпен жүріп өтеді, содан кейін 5 шақырым қашықтыққа жүгіретін болады.

Айта кетейік, жарысқа кез келген 16 жастан асқан адам қатыса алады. Әрбір қатысушының уақыты тіркеу кезінде берілетін дербес чиптің көмегімен жеке белгіленетін болады.

Тіркеу сөренің жанындағы аумақта сағат 7:00-ден 9:30 дейін өтеді. Әрбір қатысушы жарыс басталмас бұрын арнайы орнатылған пункттерде медициналық тексеруден өтеді. Бұдан басқа, велосипедтерге тегін қызмет көрсету де қарастырылған.

Демалыс күндері елордада өтетін дуатлон жарысында жүлделі орындар ерлер мен әйелдер арасында үш жас санаты бойынша анықталатын болады.


Жеңімпаздар ең жас санат 16-35 жас аралығында, сондай-ақ екінші санат 36-50 жас аралығында және 51 жастан асқан спортшылар арасында анықталады.

Бас жүлде — беделді фитнесс-клубқа жылдық абонемент «Астана-дуатлон 2015» абсолютті чемпионына табысталады. Жарыстың екі кезеңін де ең аз уақыт аралығында бағындырған спортшы жасы мен жынысына қарамастан абсолютті чемпион аталады.

Сонымен қатар, әрбір дуатлет мәреден кейін өткізілетін лотерея ұтысында бағын сынайды.

Жарысқа кез келген велосипедпен қатысуға болады. Спортшы міндетті түрде дулыға киюі керек.

Соңғы жаңалықтар