Александр Винокуров сотқа дайындалуда
2013 жылғы 7 қаңтарда Александр Винокуров сотта "Льеж-Бастон-Льеж" жарысын әділ ұтқанын және қарсыласына пара бермегенін дәлелдеуі тиіс, деп хабарлайды КТК. |
Соттың алғашқы отырысы алдағы аптада Лозаннада өтеді.
Оған тек адвокаттар ғана - қазақстандық "Астана" мен ресейлік "Катюшаның" өкілдері қатысады.
Италияның Падуя қаласының тергеу органдары Александр Винокуровты бельгиялық біркүндік жарыста әділетсіз жеңді деп айыптауда.
Олардың айтуынша, Винокуров өзінің қарсыласы Александр Колобневпен келісіп, жеңістен кейін оның шотына 150 мың еуро аударған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін