Соттың алғашқы отырысы алдағы аптада Лозаннада өтеді.
Оған тек адвокаттар ғана — қазақстандық «Астана» мен ресейлік «Катюшаның» өкілдері қатысады.
Италияның Падуя қаласының тергеу органдары Александр Винокуровты бельгиялық біркүндік жарыста әділетсіз жеңді деп айыптауда.
Олардың айтуынша, Винокуров өзінің қарсыласы Александр Колобневпен келісіп, жеңістен кейін оның шотына 150 мың еуро аударған.